Accessibility links

Мемлекеттік блог-платформаға хакерлік шабуыл жасалған


Мемлекеттік органдар жетекшілерінің ресми блог-платформасына (www.blogs.e.gov.kz) хакерлік шабуыл жасалды, — деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламада «мәліметтер базасын бақылауға алу әрекеті нәтижесіз аяқталған, дегенмен блог-платформаның кей бөліктеріне зиян келтірілген» делінген.

Арнаулы мамандардың көмегімен жойылған мәліметтер қалпына келтіріліп, серверді қорғау мақсатындағы шаралар қолданылған, қазір бұл блог-платформа әдеттегіше жұмыс істеп тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG