Accessibility links

Ирақта соңғы екі күнде 100 шақты адам құрбан болды


Ирақ полициясы Бағдадтың орталығындағы велосипедке қойылған бомба жарылысынан кемінде екі адам қаза тауып, 10 кісі жараланды деп айтуда.

Бейсенбі күні таңертең орын алған бұл жарылыстан бір күн бұрын ел астанасындағы бірқатар шабуылдардан 95 адамның өмірі қиылып, тағы 500-дейі жараланды.

Бұл соңғы 18 айдағы адам шығыны көп болған күн болып отыр. Ирақ үкіметі бұл шабуылдардан кейін қауіпсіздік шараларын қайта қарауға нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG