Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанның тағы бір тұрғыны қырым қанды безгегімен ауырды деп күдіктелуде


Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегі дертімен ауырды деп күдіктелген Отырар ауданының тұрғыны аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түскен, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

55 жастағы кісінің осы кеселмен ауырды деп күдіктелуіне байланысты Талапты ауылы мен онымен байланыста болған ауылдың 10 тұрғыны да дәрігерлердің бақылауына алынған. Кесел ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Мамандардың айтуынша, бұл елдімекенде бұрын-соңды бұл ауру түрі кездеспепті, бірақ қатаң дәрігерлік бақылауға алынған науқастың барлық белгілері осы кеселге сәйкес келеді.
XS
SM
MD
LG