Accessibility links

Ауғанстанда талибан қаупіне қарамастан, президенттік сайлаулар өтуде


Ауғандықтар президенттік және аймақтық сайлауларға қатысуда. Сайлаудан бірер күн бұрын талибандардың дауыс берулерді болдырмаймыз деген қаупіне қарамастан, сайлаушылар дауыс беруге айтарлықтай қатысып жатыр.

Сайлау учаскелері ашылғаннан бері елдің әр жерінде қақтығыстар орын алғаны туралы хабарлар беріліп жатыр. Кабулдың шығысындағы бір ғимаратты басып алған бүлікшілер мен полиция күштері арысында атыстар болған.

Бұл сайлауда соңғы сегіз жыл билікте отырған қазіргі президент Хамид Қарзай жеңіске жетуі мүмкін деп күтіліп отыр. Оның басты қарсыластары - бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани мен бұрынға сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG