Accessibility links

Ұйғыр жетекшісінің Үрімжідегі туыстарының үйі бұзылмақшы


Ұйғырлардың қуғында жүрген жетекшісі Рәбия Қадырдың Үрімжідегі туыстары өздеріне Қытай билігі үйлерін тастап шығуға бұйрық бергенін айтып отыр.

Бейжің 30 жаннан тұратын бір отбасының баспанасы мен кезінде Рәбия Қадырдың бизнесі дамыған ұйғырлардың екі сауда орталығын бұзбақшы деп хабарланды. Бұл мәліметті басқа ақпарат агенттіктері тәуелсіз түрде расталған жоқ.

Мәлімдемені Рәбия Қадыр жетекшілік ететін Ұйғыр-Американ қауымдастығы таратты.

Қытай билігі Рәби Қадырды таяуда 200-дей адамның өліміне әкелген шілде айындағы ұйғырлар мен қытайлар арасында болған қақтығысты қоздырды деп айыптайды. Рәбия Қадыр оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG