Accessibility links

Ахмадинежад санкциялардан қорықпайтынын айтты


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад елдің ядролық бағдарламасына байланысты Батыс елдері енгізуі мүмкін қаржылық санкциялардан қорықпайтынын мәлімдеді.

Ақпарат агенттігі елдің батысындағы Бандар Аббас портты қаласында сөйлеген президенттің сөзіне сілтеме жасап, ешбір ел жаңа санкцияларымен Иранды қорқыта алмайды деген.

Ахмадинежад өзін билікке қайта әкелген маусым айындағы даулы президенттік сайлаудан кейін, Иран ядролық бағдарламасына байланысты әлемнің ықпалды елдері БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүше елдерімен келіссөздер жасамайды, тек МАГАТЭ-мен болады деп айтты.

Вашингтон ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер өткізуге Теһранға қыркүйек айына дейін уақыт берген. Келіссөзге көнбеген жағдайда, халықаралық шектеулер күшейтіледі деген.
XS
SM
MD
LG