Accessibility links

Қарзай сайлауға қатысқан ауғандықтарға алғысын айтты


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай шабуылдар қаупіне қарамастан, дауыс беруге қатысқандары үшін ауғандықтарға ризашылығын білдірді. Ол бүгін ел үшін жақсы күн болды деді.

Бұл туралы сайлауға өзі де түсіп отырған кандидат Хамид Қарзай президенттік және аймақтық сайлауларға дауыс беру аяқталған соң айтты.

Ауған үкіметінің ресмилері бүгін елде болған бүлікшілер шабуылынан кемінде 23 адам қаза болды деп хабарлап отыр. Құрбан болғандардың 9-ы бейбіт тұрғын болса, 9-ы полиция қызмектері және бес сарбаз болған.

Сонымен қатар Бағлан қаласындағы аймақтық полиция мен содырлар қақтығысында 22 бүлікші өлтірілген.

Ауған билігі дауыс берулер бейбіт өтті дегенмен, сайлауға келушілердің санын болжау әлі ертерек дейді.

Сайлауда Қарзайдың жеңіске жету мүмкіндігі басым болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG