Accessibility links

Бүгін Рамазан айы басталды


Күллі әлемдегі барша мұсылман баласы үшін қасиетті саналатын жұма күні Рамазан айы басталды, Мұхаммед үмметтерінің айында дін мұсылман баласы 30 күнге ауыз бекітіп, мұсылмандық шартының бір парызын орындайды.

Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі биылғы Рамазан айы алдыңғы жылдардағыдай 29 емес, 30 күнге созылатынын айтты.

«Ислам — күн тізбесімен емес, ай тізбесімен жүреді. Күнтізбеде 365 күн бар болса, ай тізбесінде 354 күн бар. Ай тізбесі бойынша алдыңғы 6 ай 29 күнге, ал қалған 6 ай 30 күнге толады. Соған сәйкес, биылдан бастап 30 күндік цикл бастау алды», – деді бас мүфти.

Айлардың сұлтаны Рамазанда мың түнге пара-пар Исламдағы қасиетті түндердің бірі — Ләйләтул-Қадр, яғни Қадыр түні болады, бұл биыл қыркүйектің 15-інен 16-сына қараған түнге сәйкес келмек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG