Accessibility links

Қазақстанда ислами ағартушылық бағыттағы тұңғыш телеарна ашылды


Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстанда «Асыл арна» атты тұңғыш ислами ағартушылық бағыттағы телеарна ашылды. Алматыдағы Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының бас ғимаратында ашылу салтанаты өткен арнаны енді қазақстандықтар 24 сағат бойы тамашалай алады.

«Алма ТВ» кабельдік жүйесі арқылы таралатын арнаның хабарларын алдымен Алматы қаласы мен облысының жұртшылығы көретін болады.

«Алла қаласа, жақында Атырау мен Ақтауда, 1 айдан кейін Астанада көрсетеміз. Содан кейін еліміздің барлық облыстарында ашылады. Содан кейін, жақын шетелдердегі қазақ бауырларымызға жеткіземіз деп отырмыз. Арнаның көрермендерге дайындаған рухани дүниелер қорында балаларға арналған танымдық мультфильмдер, деректі фильмдер, сонымен қатар, арна журналистері дайындаған телевизиялық бағдарламалар бар», — деді «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков.
XS
SM
MD
LG