Accessibility links

Ауғанстанда дауыстар саналуда


Ауғанстанда өткен ұлттық сайлаулардан кейін дауыстар саналып жатыр. Халықаралық қауымдастық сайлау демократия бағытындағы жеңіс болды деп мадақтады.

АҚШ президенті Барак Обама мен НАТО және тағы басқа батыс елдері бейсенбі күнгі президенттік және жергілікті сайлаулар сәтті өтті, ауғандықтар зорлық-зомбылық қауіпіне қарамастан батырлық көрсетті деп мәлімдеді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ауған азаматтарын Талибан мен Әл-Қаида және тағы басқа экстремисттік топтарды айыптап, сайлауға қатысқандары үшін мадақтады. Аталған топтар Ауғанстандағы сайлауға кедергі келтіретінін айтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG