Accessibility links

Путин апатқа ұшыраған электр станциясына барды


Бүгін Ресей премьер-министрі Владимир Путин апатқа ұшыраған Саян-Шушенск су электр станциясына барды. Осы аптаның басында жарылыс салдарынан турбиналар бөлімі суға батып, кемінде 26 адам қаза тапты, Сібірдің көптеген аумағындағы қуат жүйесіне залалын тигізді.

Путин құрбан болғандар мен із-түссіз кеткендердің отбасыларына көңіл айтып, станцияны қалпына келтіруге уәде етті. Сондай-ақ, апаттың салдарынан шамамен 49 адам хабарсыз кеткендігі туралы хабарлаған Путин зардап шеккен отбасыларға бір миллион рубль (31 мың долларға жуық) өтемақы тағайындады.

Ресей премьер-министрі жергілікті әкімшілікке алдағы уақытта мұндай апат қайталанбас үшін қыс мезгілінің қарсаңында басқа да электр станцияларын тексеруді тапсырды.
XS
SM
MD
LG