Accessibility links

АҚШ Шотландияда ливиялықтың босатылғанына наразы


1988 жылы Шотландияның Локерби қаласының әуесінде жарылған ұшақта қайтыс болған американдықтардың туған-туыстары осы қылмысты ұйымдастырған деген айыппен сотталған ливиялықтың босатылғанына наразылық танытты. Сегіз жыл түрмеде отырған Әбдел Бассет әл-Меграхиді Шотландия билігі түрмеден мерзімінен бұрын босатқан еді. Бейсенбі күні әл-Меграхи өз еліне ұшып кетті.

Жергілікті билік ливиялықтың түрмеден шығарылуын оның қатерлі ісікке шалдығып, бір ай ғана өмірі қалғандығымен түсіндірді. Апатта құрбан болғандардың туған-туыстары Шотландияның билігін әрекетін сынап, наразылық сауалдарын жолдады. Локерби апатында 270 адам опат болды, олардың басым бөлігі американдықтар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG