Accessibility links

Бапи: «ДАТ» жобасы аясында жаңа газет жарыққа шығады


Оппозициялық «Тасжарған» газеті сот шешімімен жабылғанымен, «ДАТ» жобасы жалғасады деп мәлімдеді «DAT-Xmedia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ермұрат Бапи.

Тамыздың 21-і күні Азаттыққа берген сұхбатында Бапи «ДАТ» жобасы аясындағы жаңа газет биыл қыркүйек айында жарыққа шығатындығын айтты.

Бейсенбі күні Қазақстанның Жоғарғы соты «Тасжарған» газетінен депутат Ромин Мадиновтың пайдасына 30 млн теңге өндіру туралы Медеу аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.
XS
SM
MD
LG