Accessibility links

Обама Рамазан айында мұсылмандарға мәлімдеме жасады


Президент Барак Обама АҚШ пен мұсылман әлемі арасындағы қарым-қатынастарды жаңарту мақсатында нақты қадам жасауға уәде етті. Бұл туралы Обама мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты жасаған мәлімдемесінде айтты.

Ақ үйдің интернеттегі парақшасында жарияланған бейнетаспада Обама Америка мен әлемдегі мұсылмандар арасындағы жаңа кезеңнің басталуына қатысты міндеттемесін қайталап айтты. Барак Обаманың мәлімдеуінше, АҚШ мұсылман әлемімен өзара мүдделер мен өзара құрмет негізінде араласуға міндетті. Обама сондай-ақ АҚШ-тың Ирақ соғысын аяқтау мен Ауғанстан және Пәкістандағы экстремистерді жою әрекеттерін бейбіт және қауіпсіз әлем құру қадамдарымен байланыстырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG