Accessibility links

Өзбек шекарасында оққа ұшқан тәжіктің мәйіті туыстарына берілді


Тәжікстан ресмилерінің айтуынша, Өзбекстан өткен айда шекарада оққа ұшқан тәжік азаматының мәйітін туыстарына тапсырған. Өзбекстан жағы 36 жастағы Хайрулло Суюсов шекарадан заңсыз өтпекші болды деп айыптады.

Шілденің 22-де Суюсовқа өзбек шекарашылары оқ атқан. Оның денесі тамыздың 22-де Самарқандтағы жақын туысына тапсырылды деп хабарланып отыр. Осы уақытқа дейін шекарадағы әлгі оқиға туралы Суюсовтың туыстарына ешкім ешнәрсе айтпаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG