Accessibility links

Абдулла Қарзайды сайлауды бұрмалады деп айыптады


Ауғанстан президентінің негізгі қарсыласы Хамид Қарзайды сайлауды бұрмалады деп айыптады. Бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла егер президенттік сайлауға түскен 36 үміткердің ешқайсысы екінші турдың болмауы үшін жеткілікті дауыс жинай алмаған болса, коалициялық кандидатты ұсыну мүмкіндігін ойластырып жатқандығын мәлімдеді. Абдулла бұл мәселе жөнінде келіссөздер өткізу мақсатында басқа да науқан жетекшілерімен байланысып жатқанын айтты.

Бейсенбі күнгі сайлаудың бастапқы қорытындысы сейсенбіге дейін жарияланбайды, ал сайлаудың ресми нәтижесі келесі айда мәлім болады. Егер Қарзай мен Абдулла дауыстардың 50 пайызына қол жеткізе алмаса, олар сайлаудың екінші турына қатысады.

ЕуроОдақ бақылаушысы Ауғанстандағы дауыс берулер жақсы және әділ өтті бірақ зорлық-зомбылық пен қорқытып-үркіту әрекеттеріне байланысты елдің кей аймақтарында сайлау еркін болмады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG