Accessibility links

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті жерленді


Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Дэ Чжун жексенбі күні жерленді. Демократияның қолдаушысы болған әрі коммунистік Солтүстік Кореямен татуласуды қалаған Кимнің мемлкеттік жерлеу рәсіміне Пхеньянның жоғары дәрежелі делегациясы қатысты.

85 жастағы Ким Дэ Чжун тамыздың 18-де қайтыс болды. 1998-2003 жылдары президент болған Кимнің «Күншуақты саясаты» Солтүстік Кореямен бейбітшілік орнатуды қолдап, Пхеньянға қаржылай көмек көрсеткен. Алайда 2008 жылдың ақпан айында президенттік міндетіне кіріскен консервативтік Ли Мюнг-бак аталған саясатқа тыйым салып, Солтүстік Корея Сеулдың көмегіне қол жеткізгісі келсе, ядролық қарудан бас тартуы керек деп шарт қойды.
XS
SM
MD
LG