Accessibility links

Саян-Шушенск апатынан 69 адамның қаза болғандығы расталды


Ресейдің ең ірі су электр станциясындағы апаттан құрбан болғандардың саны 69-ға жетті. Құтқару жұмыстары бойынша топтың айтуынша, Сібірдегі Саян Шушенск станциясында дүйсенбі күні орын алған апаттан кейін 6 адам әлі табылмай жатыр.

Премьер-министр Владимир Путин жұма күні апат болған жерге барып, құрбандардың отбасына өтемақы төлеуге уәде етті. Құтқару және тазалау жұмыстарына көмектесу үшін Енисей өзені жағалауына 2 мыңнан аса адам орналастырылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG