Accessibility links

Екібастұзда жеті адамның өмірін қиған ірі көлік апаты болды


Жеті адамның өмірін қиып, екі адамды жарақаттаған тағы бір жол көлік апаты Қызылорда-Павлодар тас жолының 1272- шақырымында орын алды, — деп хабарлайды облыстық ІІД.

Екібастұз ауданы Қарасор ауылындағы жол көлік апатына «Mercedes» көлігінің жүргізушісі ҚР ІІМ –нің Павлодар облысы бойынша арнаулы күзет қызметі басқармасының қызметкері себепші болған. Жолдың қарсы бағытымен жүрген ол «Audi A4» көлігінің тұмсығынан соққан.

Апат салдарынан «Audi» көлігіндегі «Қазахтелеком» АҚ-ның 4 қызметкері, яғни 31 жастағы жүргізушімен қоса 60, 39, 37 жастағы жолаушылар көз жұмған. Көлік қақтығысынан алған жарақаттан «Mercedes» көлігіндегі 27 жастағы полицей мен 25, 27 жастағы екі жолаушы жан тапсырған, олармен бірге келе жатқан Павлодардың екі тұрғыны әр түрлі жарақатпен аурханаға түскен.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 296- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық және автотехникалық сараптама белгіленді.
XS
SM
MD
LG