Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО-ның 3 сарбазы қаза тапты


Ауғанстанның оңтүстігіндегі жекелеген қақтығыстарда бір американдық және екі эстондық әскер қаза болды. АҚШ әскерилерінің айтуынша, америеандық солдат жексенбі күні бүлікшілердің шабуылы мерт болған. Биылғы тамыз айының басынан бері Ауғанстанда 37 американдық сарбаз қаза тапты.

Бұл уақытта, Эстонияның қорғаныс министрі екі сарбаздың жексенбі күні Хелмандтың оңтүстік жағында кезекшілік кезінде шабуылға тап болғанын мәлімдеді.

НАТО бастаған қауіпсіздік күштерінің құрамындағы Эстония контингенті 289 сарбаздан тұрады. Эстония әскері Ауғанстанға орналастырылған 2003 жылдан бері бұл елде алты эстондық сарбаз қаза болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG