Accessibility links

АҚШ әскери қолбасшылары Ауғанстанда сарбаз жетіспейтіндігін мәлімдеді


АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери қолбасшылары президент Барак Обама үкіметінің аймақтағы аға өкіліне мұндағы жұмысты атқару үшін қажетті әскер саны жеткіліксіз екендігін мәлімдеді.

«Нью-Йорк таймс» газетінің хабарлауынша, мұны қолбасшылар өткен демалыс күндері Ауғанстандағы барлық төрт аймақтық қолбасшылық орталықты аралаған Ричард Холбрукке айтқан. Төрт қолбасшы қосымша әскердің оңтүстікте жағдайды жеңілдеткенімен, әлі де болса сарбаз қажет болып отырғандығын баяндаған.

Осындай өтініш генерал Стэнли Мак Кристалдың соғыстың басты стратегиялық шолуын дайындаумен айналысып жатқан уақытта айтылып отыр. Қазіргі таңда Ауғанстанда АҚШ-тың 57 мыңға жуық сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG