Accessibility links

Ирақ шииттері премьер-министрдің партиясынсыз коалиция құрды


Ирақ шииттерінің басты тобының келесі жылы қаңтар айындағы жалпы сайлауда премьер-министрді шеттету үшін жаңа коалиция құрды. Үкімет басшысы Нури әл-Маликидің Дауа партиясының шеттетілуінің себептері айтылмайды, бірақ көпшілігі альянсқа кім жетекшілік ететіні туралы болған келіспеушіліктерге сілтейді. Бұған дейін Әл-Малики альянс қатарына сунниттер мен күрдтерді көбірек қосып, кеңейтуді талап еткен болатын.

Жаңа колацияға шииттердің ең үлкен партиясы, Иран қолдауындағы Жоғарғы ирақ ислам кеңесі, сондай-ақ АҚШ-қа қарсы имам Моктада әс-Садрдың блогы мен сунниттер, тәуелсіз зиялы тұлғалар кіретін болады.
XS
SM
MD
LG