Accessibility links

Құтыру дертіне шалдыққан Оңтүстік Қазақстанның тұрғыны қайтыс болды


Оңтүстік Қазақстан облысында құтырған деген диагнозбен ауруханаға түскен зейнеткер қайтыс болды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сайрам аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына Қарасу ауылының 83 жастағы тұрғыны 22-тамыз күні жатқызылған. Ол дүйсенбі, яғни 24-тамыз күні дүние салған.

Қариямен байланыста болған 9 адам қазір дәрігерлік бақылауға алынған. Ауру тараған жерде эпидемияға қарсы шаралар жасалуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG