Accessibility links

Сыртқы істер министрлігінің алқа отырысы ЕҚЫҰ-ға төрағалық мәселесін қарастырмақ


Астанада 28 -тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің алқа отырысы өтеді, — деп мәлімдеді СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Ержан Ашықбаевтың мәліметінше, отырыстың күн тәртібінде 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы, Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы екіжақты келісімдерге қол жеткізу жұмыстарының барысы секілді мәселелерді қарастыру жоспарланған.
XS
SM
MD
LG