Accessibility links

АҚШ Әділет министрлігі тергеушілерге қатысты ақпаратты тексеруге кірісті


АҚШ Әділет министрлігі Орталық барлау басқармасы қызметкерлерінің террорист деп күдіктелгендерді тергеу барысындағы озбырлықтары туралы ақпаратты тексеруді бастады.

Бұған қатысты тексеруді кең көлемде жүргізудің қажеттілігі бар жоғын Бас прокуратураның жоғары шенді өкілі Джон Дюрхем анықтауы тиіс. Тексерудің басталғаны туралы мәлімет Орталық барлау басқармасы қызметкерлері тергеу барысында қатаң тәсілдер қолданады деген ақпарат жарияланған күннің ертеңіне белгілі болды.

Сондай-ақ АҚШ президенті Барак Обаманың терроризмге қатысты күдіктелгендерді тергеу үшін тікелей Ақ үйдің бақылауында болатын арнайы бөлім құрғаны анықталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG