Accessibility links

Б.Обама терроризмге қатысты жаңа бөлім құрды


АҚШ-тың бас прокуроры Эрик Холдер Орталық барлау басқармасының тергеушілері терроризммен шұғылданды деген күдіктілерді азаптады деген хабарды тексеруге нұсқау берді. Прокуратураның жоғары лауазымды өкілі Джон Дюрхем ауқымды тергеу жүргізудің қажеті бар ма, жоқ па, соны анықтауға тиіс.
Тексеру Орталық барлау басқармасы қызметкерлерінің азаптау тәсілдерін қолданғаны туралы баяндама жарияланған күннің ертеңіне басталды.
Онымен қарама-қатар АҚШ президенті Барак Обама терроризмге қатысы бар деген күдіктілерді тергейтін жаңа бөлім құрып, ол Ақ үйдің тікелей қадағалауымен жұмыс істейтін болды.
XS
SM
MD
LG