Accessibility links

Иран: оппозицияның үстінен 4-інші сот басталды


Иранда маусым айындағы президент сайлауының ресми нәтижесіне қарсы наразылық ереуіліне қатысқан оппозиция өкілдерінің үстінен осымен төртінші сот процесі басталды.
Хабарға қарағанда, сотқа реформаларды қолдайтын бірқатар көрнекті саясаткер, оның ішінде оппозицияны қолдап шыққан экс-президент Мухаммад Хатамидің кеңесшілері тартылып отыр.
Одан бұрын 140-қа жуық адам сотқа жауапқа тартылған болатын. Оларды жаппай тәртіп бұзушылыққа қатысы бар деп айыптау үстінде.
Өткен маусым айында оппозиция Махмуд Ахмадинеджадтың президент сайлауындағы жеңісін мойындамай, Теһран мен басқа қалаларда жаппай наразылық шеруін ұйымдастырды. Шеруді басып жаншу барысында ондаған адам құрбан болып, жүздегені тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG