Accessibility links

Иранның ядролық ізденістері баяулады


Иранда өткен мамыр айынан бері уранды байытатын центрифуга аппаратының саны өскен жоқ. Ол туралы атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің мәліметтерінен хабардар дипломаттарды сілтеген ақпарат агенттіктері хабарлады. Сонымен бірге хабарда соңғы 3 жылда Иранда центрифугалардың саны үнемі өсіп келіп, мамырға дейін 5 мыңға тақап қалғаны айтылады.
Ирандағы ядролық ізденістердің баяулауы, бақылаушылардың пікірінше, техникалық себептермен бірге, саяси ахуалға да байланысты болуы мүмкін.
Таяу арада Иранның ядролық бағдарламасы туралы МАГАТЭ-нің жаңа есебі жарық көруге тиіс. Батыстың көзқарасы бойынша, Иранның мақсаты – жойқын қару шығару болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG