Accessibility links

Қазақстан: «Республика» газеті де жабылуы мүмкін


Сейсенбі күні Алматы қаласында өткізген баспасөз-маслихатында тәуелсіз «Республика» газетінің журналистері БТА банкінің қазіргі басшылығы газетті жапқысы келеді деген жорамалын жариялады.
Банк басқармасы өзіне газет тигізген шығынды 80 миллион теңгеге немесе 533 мың долларға бағалалап отыр да, «Республика» ұжымы ол соманы газеттің өтей алмайтынын мәлімдеді.
Журналистердің айтуынша, БТА банкі басшылығы газетті Қазақстандағы саяси ахуал мен елдің қаржы жүйесінің халі туралы мақаласы үшін жаппақшы. Мақала үкімет пен БТА банкі басшылығының наразылығын туғызған.
«Республиканың» мүддесін қорғайтын адвокат Сергей Уткин мәлімдегендей, БТА банк басшылығы даулап жатқан мақаланы лингвистикалық сараптамаға жіберу туралы өтінішті судья қабылдамады.
XS
SM
MD
LG