Accessibility links

Ауғанстан: АҚШ әскерінің шығыны өсіп барады


Ауғанстанның оңтүстігінде бомбаның жарылысынан АҚШ-тың 4 әскери қызметкері қаза тапты. Ол туралы НАТО күштерінің басшылығы хабарлады.
Басшылық өкілінің айтуынша, жарылыс Ауғанстанның ең қатерлі ауданының бірінде болды. Бірақ нақты қай ауданы екенін әскери өкіл атамады.
Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша, тамыз айында қаза тапқан АҚШ әскерилерінің саны 41-ге жетіп үлгеді. Өткен шілдеде 44 АҚШ жауынгері көз жұмған болатын.
XS
SM
MD
LG