Accessibility links

Қазақстандықтар Конституция мерекесінде үш күн демалатын болды


Республиканың қолданыстағы заңнамасы бойынша, мемлекеттік мерекеге сәйкес келген күн демалыс күні болып есептеледі. Ал әдеттегі демалыс күніне мереке күні сай келсе, онда келесі күн тағы демалысқа жатқызылады. Биылғы 30-тамыз күнгі ҚР –ның Конституциясының күні мерекесі жексенбіге сай келгендіктен қазақстандықтар 29, 30 және 31-тамыз күндері жұмыс істемейтін болды.

Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы 1995 жылдың 30-тамызы күнгі жалпыхалықтық референдумда қабылданған, 2007 жылы оған түзетулер енгізілді.

Конституция күні Қазақстанның барлық қалаларында мерекелік шаралар өткізіліп, Астанадағы Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаңда 2300-ден астам жауынгер қатысатын әскери шеру өткізілмек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG