Accessibility links

Петр Своик: Қайрат Келімбетовтің үлескерлік құрылысты тоқтату туралы мәлімдемесі жауапкершіліксіз болды


Бүгін Ұлттық баспасөз клубында «Қазақстан 2012» халықтық қозғалысы Қайрат Келімбетовтің осыған дейін үкімет отырысында айтқан сөзіне қатысты мәлімдеме жасамақ.

Осыған қатысты «Азаттыққа» түсініктеме берген «Азат» партиясы төрағасының орынбасары Петр Своик: «Үкімет отырысында Қайрат Келімбетов қарыз алған азаматтардың мойнындағы қарыздарын қайтаруына тура келеді деді. Шамасы, бұл сөздің артында «Самұрық-Қазынада» ақша жоқ, ештеңеге үміт артуға болмайды, банктер тек төленбеген несиелерді ғана емес, сонымен бірге кепілдікте тұрған азаматтардың жалғыз үйлерін де тартып алуы тиіс» деген сөз жатқан шығар. «Қазақстан-2012» халықтық қозғалысы Келімбетовтің бұл сөзіне кесімді түрде «жоқ» дегісі келеді». Өйткені борышкерлер төлем қабілетінен өз беттерінше айырылып отырған жоқ, бұған дағдарыс пен біздің «тамаша» макроэономикалық бақылаушылар, атқарушы органдар мен банктер кінәлі. Пайыздық үлес пен несиенің бағамын бірнеше рет өсіріп жіберген борышкерлер емес, сондықтан үкімет жауапкершіліктің осы тұсын ең болмағанда бөлісіп көтеруі тиіс.

Бұған дейін Қайрат Келімбетов бір басылымға үлкен сұхбат берді, сонда ол өзінің үлескерлік құрылысты тоқтату керек деп есептейтінін айтыпты. Онымен кейбір жағдайда келісуге болады, бірақ мына қызықты қараңыз, ол осы үлескерлік құрылыс заңдастырылмай тұрып-ақ басталған кезде президент әкімшілігін басқарды емес пе? Енді қаржылық ұйымның басшылығына ауысқан кезде бұл керек емес екен деп отыр, мұнан асқан жауапкершіліксіз мәлімдеме болуы мүмкін емес», — деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG