Accessibility links

AWARD.kz ұлттық интернет жүлдесіне 437 өтініш түскен


AWARD.kz ұлттық интернет жүлдесі 2009 жылдың үздіктерін анықтау мақсатында өтініштер қабылдауда. VII рет ұйымдастырылғалы отырған қазақ интернетіндегі үздіктерді тауып, жүлде тағайындайтын кәсіби байқауға 2009 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өтініштер қабылданады.

AWARD.kz сайтындағы мәліметтер бойынша, байқауға қатысуға 437 өтініш түсіп, оның 291-і қабылданған. Интернет және sms арқылы дауыс беру жүргізілуде. Байқауға қатысушылардың қалалар бойынша тізімінде Алматы, Астана мен Қарағанды көш бастап келеді.

2008 жылы Азаттық радиосының azattyq.org сайты AWARD.kz кәсіби байқауының «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» номинациясы мен «Масс-медиа» аталымының 1-орнын жеңіп алған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG