Accessibility links

Түркітілдес мемлекеттер «Көрұғлы» операсын тамашаламақ


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қыркүйек айында түркітілдес мемлекеттердің бірнеше қалаларында түркі опера өнерінің озық үлгісінің бірі болып табылатын, белгілі әзірбайжан композиторы Узеир Гаджибековтың «Көрұғлы» операсының түрік тіліндегі қойылымы жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар жобаны түркі халықтарының мәдени ынтымақтастығын арттыру мақсатында жасап отырмыз дейді.

«Көрұғлы» операсынының таңдалу себебі бұл түркі халықтарына ортақ қаһармандық эпос», — деді «Түріксой» халықаралық ұйымының бас директоры Дүйсен Қасейінов.

Қойылымға Әзірбайжан, Башқұртстан, Татарстан, Қазақстан, Түркия мен Қырғызстан елдерінің үздік өнерпаздары қатысады.

Операның тұсаукесері 9 -қыркүйекте Қырғызстанның астанасы Бішкектегі А.Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында басталады.

Ал Алматыда 12 -қыркүйек күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында қойылады.
XS
SM
MD
LG