Accessibility links

Ауғанстан: Қарзайды бәсекелестері айыптайды


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен оның басты бәсекелесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла президент сайлауының бастапқы нәтижесі бойынша көшбасынан шықты. Бүкіл елдегі 27 мыңнан астам дауыс беру учаскесінің 10 пайызындағы 525 мың дауыстың есебі Қарзайдың 40.06 пайыз, ал Абдулланың 38.7 пайыз дауыс жинағанын көрсетті.
Өткен сейсенбі күні қалған 6 үміткер Абдулланың сөзін қайталап, дауыс берілген күні негізінен Қарзайдың пайдасына қарай жаппай бұрмалаушылық болғанын мәлімдеді. Қарзай да, Абдулла да сайлауда жеңіске жеткендерін мәлімдеген болатын. Бірақ олардың сөздерін ресми мәлімет растаған жоқ.
XS
SM
MD
LG