Accessibility links

Нью-Йоркте үш жақты кездесу өтуі мүмкін


АҚШ, Израиль және Палестина басшыларының кездесуі қыркүйек айында Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Израильдің БҰҰ-ындағы өкілі Габриэла Шалев осындай жорамалын айтты. Бірақ ол одан басқа ешбір ақпар бермеді.
Өткен дүйсенбі күні Лондонда Израиль үкіметінің жоғары лауазымды өкілі France Press агенттігіне БҰҰ-ның сыртында АҚШ президенті Барак Обама мен израиль премьері Беньямин Нетаньяхудың және Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббастың үш жақты кездесуін ұйымдастырудың жолы қарастырылып жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG