Accessibility links

Израиль премьері АҚШ өкілімен кездесті


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Джордж Митчелл Лондонда еврей қоныстарының проблемасын талқылау үстінде. Митчелл Нетаньяхуды Иордан өзенінің Батыс жағалауы мен Шығыс Иерусалимдегі еврей қоныстарын кеңейтуін доғаруға көндіріп көрмекші.
Өткен сейсенбі күні Лондонда ағылшын премьері Гордон Браунмен өткізген келіссөзінен кейін еврей премьері уәжге келуге әзір екенін мәлімдеді.
Израиль үкіметінің басшысы 4 күндік сапармен Еуропаны аралап жүр. Сәрсенбі күні ол Берлинде неміс канцлері Ангела Меркельмен кездеседі.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG