Accessibility links

Кандагардағы жарылыстан 43 кісі қаза болды


Ауғанстанның Кандагар қаласындағы қуатты жарылыс құрбандарының қатары 43-ке дейін өсіп, жараланғандар 65-ке жетті. Қаза тапқандар мен жараланғандардың барлығы да бейбіт тұрғындар. Тәліптердің өкілі соңғы жылдағы ең ауыр террорлық қастандыққа қатысы барлығын теріске шығарды.
Сейсен.бі күні Ауғанстанда Американың 4 жауынгері оққа ұшты. Биыл НАТО күштері тәліптерге қарсы соғыс басталған 2001 жылдан кейінгі ең көп кісі шығынына ұшырады.
XS
SM
MD
LG