Accessibility links

Мәскеу Қиыр Шығысқа С-400 кешенін орнықтырды


Солтүстік Кореяның соғыс зымырандарын сәтсіз ұшыруынан сақтану үшін Ресей Қиыр Шығысына С-400 зениттік қару кешендерін жайғастырды. Ол туралы сәрсенбі күні Ресей қару күштері Бас штабының бастығы Николай Макаров хабарлады.
Ол атап көрсеткендей, Солтүстік Кореяның соғыс зымырандарын, оның ішінде ядролық қондырғылары бар зымырандарын сынайтын полигонының Ресей шекарасына жақын орналасуы Мәскеуді алаңдатып отыр.
Макаров, сондай-ақ, Ресей мен АҚШ Солтүстік Кореяның зымырандық сынақтарын, оның ішінде бейресми сынақтарын қадағалайтын бірлескен бақылау орталығын құру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр және оны Мәскеуге орналастыру мүмкіндігі де қарастырып жатқан көрінеді.
АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің элементтерін Еуропаға орналастыру жоспары бойынша Ақ үй мен Кремльдің арасында зор қарама-қайшылық бар

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG