Accessibility links

Ж.Ертаев тұтқындалса, А.Агеев еркіндікте жүр


Өткен сейсенбіде Алматының Медеу аудандық соты «Альянс банктың» бұрынғы басшысы Жомарт Ертаевты тұтқындауға санкция берді. Ол туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, тергеу Ертаев басқарған «Альянс банктің» оффшорлық компанияларға 917 миллион доллардан астам несие беруге кепілдік бергенін анықтады. Кейін борышкерлердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан несиенің құны 1.1 миллиард долларға дейін өсіп, ол сома банктің есебінен несие берушінің пайдасына қарай өшірілген көрінеді.
Ал оның орынбасары болған Алексей Агеевтің бостандықта жүрген көрінеді.
БТА банкінің тағы екі менеждері Ермек Диханбаев пен Бадат Тасыбековтің тұтқындалғаны туралы хабар шыққан болатын. Қазір екеуінің тағдырынан әзірше еш хабар жоқ.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG