Accessibility links

Қазақстан президенті Сауд королін елге шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің королі Абдулла бен Абдел Азиз әл Саудты елге шақырды. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының шақыруын сол елдегі ҚР-ның елшісі
Қайрат Лама Шариф жеткізген.

Қазақстандық дипломат корольмен мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының басталуымен елшілердің құттықтауынан кейін кездесті. Лама Шариф Азия мемлекеттері елшілерінің атынан құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу барысында, елші ҚР президентінің Біріккен Араб Әмірліктерінің короліне деген құттықтауын жеткізіп, мемлекет басшысының оны Қазақстанға шақырғанын айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG