Accessibility links

15 жастағы Зарина Дияс Америкадағы Үлкен Шлем US Open турниріне қатыспақ


Қазақстан Теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 жастағы Зарина Дияс Америкада өтетін ересек ойыншылар арасындағы Үлкен Шлем US Open турниріне алғаш рет қатыспақ.

Турнирдегі алғашқы квалификациялау ойынында Зарина қытайлық Кэй-Чен Ченгпен қарсыласады.

Жас спортшы осы жылғы әйелдер арасындағы Германияда өткен Stutgard турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік теннистің сенсациясына айналды.

Бұдан бұрын 15 жасар қазақ қызының сыйлық қоры 220 мың долларлық Рrague Оpen 2009 турнирінің ширек финалына дейін жеткенін хабарлағанбыз. Зарина Диястың үй-іші біраз уақыттан бері Прагада тұрады, бірақ Зарина жарыстарға Қазақстанның атынан қатысуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG