Accessibility links

Бас прокуратура: Әлнұр Мұсаевтан сот үкімін қайта қарау туралы шағым түсті


БАҚ-тан түскен сұранымдарға байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Қазақстанның сырттай сотталған азаматы Әлнұр Мұсаевтан Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2008 жылдың 15-қаңтарындағы үкімнің қайта қарау туралы шағым түскенін хабарлаймыз, — делінген Бас прокуратураның сайтындағы баспасөз хабарламасында.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 466 –бабына сәйкес, бұл қылмыстық іспен бақылау тәртібінде танысу талап етілді, сондай-ақ үкімнің орындалуы үш ай мерзімге дейін тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG