Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті Есіргеповтың қамалуына наразылық танытты


Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігін «Алма-Ата инфо» газетінің редакторы Рамазан Есіргеповке қатысты сот шешімін жоққа шығаруға шақырды. Нью-Йоркте орналасқан бұл ұйым сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде тәуелсіз журналистің түрмеге жабылуына байланысты наразылық танытып, сотты сынады.

8 тамыз күні Тараз қалалық соты журналист Есіргеповты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы құпияны заңсыз жолмен алып, таратқаны үшін айыпты деп тапты.
XS
SM
MD
LG