Accessibility links

Ауғанстанда бір АҚШ сарбазы құрбан болды


НАТО мен ауған күштері бейсенбі күні Талибан бүлікшілерімен шайқасты.

Халықаралық қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, Пактика өлкесінің Сар Хауза қаласындағы ауруханада емделіп жатқан Талибан қолбасшысын тұтқындауға бағытталған операцияда бір американдық сарбаз қаза тапқан. Провинция баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, Талибан қолбасшысы қамауға алынған және оның 12 адамы өлтірілген.

Талибан қолбасшысы тамыздың 20-да орын алған қақтығыстан жараланды. Дәл осы күні ауған халқы жаңа президентті сайлап жатқан болатын.
XS
SM
MD
LG