Accessibility links

НАТО басшысы Түркияға сапарын бастады


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен бүгін Түркияға екікүндік сапарын бастады. Бұл оның бас хатшы ретінде НАТО-ға мүше мемлекетке жасап отырған алғашқы сапары.

Данияның бұрынғы премьер-министрі Расмуссен Түркия президенті Абдулла Гүлмен кездесіп, кешке премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанмен ауызашарға қатысады деп күтілуде.

Түркия билігі Расмуссеннің НАТО басшылығына тағайындалуына қарсылық танытты себебі ол 2005 жылы даниялық басылымның Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суреттерді жариялау жөніндегі шешімін жақтаған болатын. Пайғамбар туралы карикатуралар әлем мұсылмандарының ашу-ызасын шығарған-ды.
XS
SM
MD
LG