Accessibility links

Ходорковский мен Лебедевтің қолдаушылары шеру өткізді


Бүгін Мәскеуде Ресей Думасы жанында ондаған адам жиналып, бұрынғы «Юкос» компаниясының басшыларына қолдау білдірді. Азаттық радиосының орыс қызметінің хабарлауынша, бұл шараны жастардың «Мы» қозғалысы мен Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевтің қолдаушылары ұйымдастырған.

«Юкос» мұнай компаниясын басқарған Ходорковский мен Лебедевке салық төлеуден бас тартты және мұнайды ұрлады деген айыптар тағылған. Мәскеу соты қазір оларға байланысты істі қайта қарап жатыр.

Ходорковский мен Лебедев экономикалық қылмыстары үшін 2004 жылы түрмеге жабылды.
XS
SM
MD
LG