Accessibility links

Эдвард Кеннеди сенбі күні жерленеді


Сенбі күні 77-жасында дүниеден өткен американдық сенатор Эдвард Кеннеди Вашингтон маңындағы Арлингтон ұлттық зиратында жерленеді. Осы зиратта Эдвард Кеннедидің ағалары — 1960-жылдардың басында АҚШ президенті болған Джон мен сенатор Роберт жерленген.

Кеннедидің денесі салынған табыт кеше Бостондағы президенттік кітапханада қоштасуға қойылды. Сенбі күні Бостондағы католик шіркеуінде жаназа рәсімі өтеді.

АҚШ президенті Барак Обама: «Американың демократшыл саясаткері Эдвард Кеннедидің өлімі – Американың саяси тарихының ұлы тарауының жабылуы» — деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG