Accessibility links

Өзбекстан Тәжікстанмен шекарасын жауып тастады


Бірқатар ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Өзбекстан Тәжікстанмен шекарасын жауып тастаған. Өзбекстан үкіметінің ресми хабарламасында бұл туралы 1-қыркүйек күнгі тәуелсіздік мерекесін тойлауға байланысты «қауіпсіздікті ойлағандықтан» делінген.

Ұлтттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бас басқармасының хабарлауынша, шекара қыркүйек айының ортасына дейін жабық болады деп күтілуде, бұл аралықта Өзбекстанға Тәжікстаннан тек Ресей мен Өзбекстан азаматтары, ал Тәжікстанға Өзбекстан арқылы тек Ресей мен Тәжікстан азаматтары ғана өте алады. Шекарадан кедергісіз өтуге тек дипломатия өкілдеріне ғана рұқсат етілген.
XS
SM
MD
LG