Accessibility links

Бауыржан Байсеркин: A/H1N1 тұмауы таралған елдерден оралған оқушылардың бәрі мектепке барады


Доңыз тұмауы таралған елдерден Қазақстанға тамыз айының аяғында оралған оқушылардың бәрі мектепке барады, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары
Бауыржан Байсеркин.

Оның айтуынша, оқу жылының қарсаңында елге оралған оқушыларды сабаққа жібермеу туралы мәселе қарастырылмаған. Ол балаларды оқудан шектеу орынсыз деп есептейді.

Қазақстанда тіркелген A/H1N1 тұмауының 17 көрінісін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі аурудың таралуының өте төмен деңгейі деп санайды. Дер кезінде қолданылған эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде науқастармен байланыста болғандар ауруға шалдықпаған.

Мемлекеттің доңыз тұмауы пандемиясына қарсы әрекет ету жөніндегі ұлттық жоспарына сәйкес, әрбір білім беру мекемесіне медициналық қызметкер бекітіліп, арнаулы пункттер жұмыс істемек.
XS
SM
MD
LG